Уважаемый гость! Мы рады приветствовать Вас на официальном интернет ресурсе Академии гражданской защиты, где можете получить подробную информацию по любому интересующему Вас вопросу.
Сообщаем, что вся необходимая информация, касательно условий поступления размещена на сайте во вкладке АБИТУРИЕНТУ. Для получения справочной информации просим обращаться по телефонному номеру дежурной части 25-13-36, или в Департаменты по ЧС областей, городов Астана, Алматы, Шымкент
Публикация Вашего вопроса возможна только после проверки модератором, в этой связи просим обратить внимание на корректность содержания Вашего вопроса!
Ассалаумағалейкум!!!
Қазіргі таңда мен өрт сөндіру бөлімінде тағылымдамадан өтіп жатырмын.Мен КТИ ға тапсырғым келеді.Оқуға түсу үшін міндетті түрде 1 жыл жұмыс жасауы керек дегені рас әңгіме ме?
Құрметті Солтанмуратов Ерлан Назарбаевич!
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Институтқа орта, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері сырттай оқыту нысаны бойынша қабылданады.
Азаматтық қорғау органдарында жұмыс істеу мерзімі бойынша шектеу жок.
Институтқа сырттай оқыту нысаны бойынша оқуға түсу үшін жұмыс істеп жүрген өрт сөндіру бөлімі қарайтын Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты бөліміне хабарласу қажет.
Ассалаумағалейкүм КТИ ға қатты түскім келелі бірақ менің бойым 165см мен түсе алам ба?
Құрметті Дамир!
Сіздің жағдайда, біздің оқу орнына түсуге байланысты, бойға қатысты талаптарға сәйкестікті анықтау мәселесі, тұрғылықты жер бойынша ведомстволық медициналық мекемелердің аумақтық әскери-дәрігерлік комиссия мамандарының құзыретінде.
Саламатсыз ба!мен колледж битиргенмін сол сіздерге қалай түсуге болады қандай жолдары бар!
Құрметті Қайып Тоқтар Талғатұлы!
Институтқа қабылдау медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының баллдарына сәйкес өткізіледі.
Институтқа оқуға түсу үшін жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне өтініш жазу қажет, оқуға түсуге қажеті құжаттар тізімін осы бөлімшелердің кадр саясаты бөлімі береді.
Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.
Ассалаумағалайкум. Мен Ыдырысхан Жақсылық Ержанұлы осы КТИ институтына оте катты туским келеды. Менин сурагым ҰБТдан канша баллмен тусемиз КТИ институтына. Буйыртып сиздермен бирге ариптес болгым келеды!
Құрметті Ыдырысхан Жақсылық Ержанұлы!
Егер де Сіз ҰБТ тапсыру үшін 10 мамырға дейін өтініш берген болсаңыз, сонымен қатар, ҰБТ тапсыру үшін математика, физика пәндерін таңдасаңыз және Институтқа оқуға түсу үшін құжаттарыңызды ағымдағы жылдың 22 маусымына дейін өзіңіз тұратын елді мекеннің Төтенше жағдайлар Департаментіне тапсырған болсаңыз, Сіге КТИ оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысына сәйкес Институттың конкурстық сайысына қатысу үшін балдың ең төменгі шегі – 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша (20 тапсырмадан) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен (30 тапсырмадан «Математика» + «Физика») кемінде 5 балл жинау қажет.
Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.
Ассалаумағалейкум!
Мен 2020ж Кокшетау каласы Жогаргы техникалык колледжди битиремин.
КТИ га тусу ушин кандай кужаттар жинауым керек жане кандай экзамендер болады?
Құрметті Манап Кенжебек Мұратұлы!
Көкшетау техникалық институтына түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет. Биылғы жылы ҰБТ тапсыру үшін өтініш беру мерзімі 10 мамырға дейін болған. ҰБТ тапсыру үшін математика, физика пәндерін таңдап тіркелу қажет болатын.
Жоғарыдағы көрсетілген талаптарға сәйкес Институтқа оқуға түсу үшін құжаттарыңызды ағымдағы жылдың 22 маусымына дейін өзіңіз тұратын елді мекеннің Төтенше жағдайлар Департаментіне тапсыру қажет болатын.
Осыған байланысты, егер Сіз көрсетілген мерзімдерде ҰБТ тапсыруға тіркелмеген болсаңыз, Төтенше жағдайлар Департаментіне құжаттарыңызды тапсырмаған болсаңыз Сізді биылғы жылы Институтқа қабылдау мүмкін емес.
Оқуға қабылдау туралы толық ақпаратты Институт сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.
2020 жылғы КТИға бөлінген гранттар саны қанша?
Құрметті Бауыржан!
2020-2021 оқу жылы Көкшетау техникалық институтына мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау жоспарына сәйкес 148 адамға қарастырылған.
Саламатсызба КТИ га кашанга деиын умыткер кабылдаиды колледж бытырып армиядан келгенмын мен тапсырган жагдаида улгеремба
Құрметті Абдулсалан!
Көкшетау техникалық институтына түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет. Биылғы жылы ҰБТ тапсыру үшін өтініш беру мерзімі 10 мамырға дейін болған. ҰБТ тапсыру үшін математика, физика пәндерін таңдап тіркелу қажет болатын.
Жоғарыдағы көрсетілген талаптарға сәйкес Институтқа оқуға түсу үшін құжаттарыңызды ағымдағы жылдың 22 маусымына дейін өзіңіз тұратын елді мекеннің Төтенше жағдайлар Департаментіне тапсыру қажет болатын.
Осыған байланысты, егер Сіз көрсетілген мерзімдерде ҰБТ тапсыруға тіркелмеген болсаңыз, Төтенше жағдайлар Департаментіне құжаттарыңызды тапсырмаған болсаңыз Сізді биылғы жылы Институтқа қабылдау мүмкін емес.
Оқуға қабылдау туралы толық ақпаратты Институт сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.
Саламатсыз ба?Менің ұлым 2004жылғы биыл 11сынып бітіруші түлек.Осы КТИ ға тапсырғысы келіп отыр прописной справкы сұрап отыр ондай жоқ военкоматтан өтпеген жасы келмегендіктен келер жылы өтеді енді нестейміз бала осы оқуға барғысы келеді.жауап жазсаңыздар.
Құрметті Нұргүл!
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығының 37 пунктіне сәйкес ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқыту нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, жеке, моральдық, іскери, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене шынықтыру, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген қызметік міндеттерді орындай алатын Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Осыған байланысты Сіздің ұлыңыз Институтқа тек толық он алты жасқа толғасын қабылдануы мүмкін.
Сәлеметсіз бе мен 2017 мектеп бітіргем 2018-2019 жылы әскерде болдым биыл КТА тапсырайын деп жатырмын.сіздерге кешенді тапсырмай оқуға түсуге болама
Құрметті Әдилет!
Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу үшін ҰБТ сертификаты қажет.
Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.
Здравствуйте я на данный момент учусь в университете имени Ш.Есенова в морской академии в первом курсе можно ли мне перевестись в КТИ? А если можно то как? Что нужно сделать и с какого курса буду продолжать обучение?
Құрметті Құдайбергенұлы Жайлау!
Институт, оқуға берілген мемлекеттік тапсырысқа сәйкес қабылдайды. Қазіргі таңда Институтта бос орындар жоқ.
Осыған байланысты Сізді оқуға қабылдай алалмайтынымызды хабарлаймыз.
Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институт сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.
Менің бауырым биыл 11 бітіреді. Қазір карантин екенін білесіздер. Құжаттарды қашаннан бастап жинай беруі керек. Нақты датасын айтыңыздаршы
Құрметті Фатима!
Институтқа оқуға түсу үшін жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне өтініш жазу керек, құжаттарды тапсыру мерзімін, құжаттар тізімін осы бөлімшелерден сұрастыру қажет.
Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.
ассалаумағалейкүм менің жасым 19га толады 10айлык окуды бітіреді жакпын мен түсу үшін кандай құжаттар жинаумын керек кайда тапсырамын емтихандар онлайн түрде отема алде кокшетауга бару кажетпа
Құрметті Али Еламан!
Институтқа оқуға түсу үшін жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне өтініш жазу қажет, оқуға түсуге қажет құжаттар тізімін осы бөлімшелердің кадр саясаты бөлімі береді.
Институтқа қабылдау медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының баллдарына сәйкес өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысына сәйкес Институттың конкурстық сайысына қатысу үшін баллдың ең төменгі шегі– 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша (20 тапсырмадан) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен (30 тапсырмадан «Математика» + «Физика») кемінде 5 балл жинау қажет.
ҰБТ тұрғылықты аумағыңыздағы базалық жоғарғы оқу орында тапсырасыз.
Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.
Здраствуйте ! Меня зовут Гулзат! Мой сын в этот году заканчивает карагандинский Политехнически колледж факультет ЗЧС , хотели поступить к вам в институт! Как можно через онлайн сдать документы, проживаем мы в г Нур-султан, можете на эл почту скинуть документы и можно ли уже сдавать ЕНТ онлайн??? Пж ответьте
Уважаемая Гульзат!
Для начала Вам нужно подать заявление в отдел кадровой политики Департамента по чрезвычайным ситуациям по месту жительства, порядок представления документов для поступления можете узнать обратившись по контактному номеру 8 (7172) 32-01-88.
Форма сдачи ЕНТ не изменилась.
Подробная информация о зачислении на сайте Института www.kti-tjm.kz
Қайырлы күн! Менің сұрағым мынадай. Мен қазір медицина саласында жұмыс жасаймын. Әскерге барып келдім. Бірақ та сіздерге сырттай оқуға түскім келеді. Сырттай оқу бөлімі бар ма? Болса қай уақытта құжаттар тапсыра аламын және қандай форматта? Алдын ала рахмет
Құрметті Рахат Данияр!
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Көкшетау техникалық институтының сырттай оқуына тек азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері түсе алады.
Москавадағы курсанттар елге қайтарыла ма
Құрметті Гүлнар!
Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының курсанттары елге қайтарылу сұрақтары қарастырылуда.
Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының курсанттары оқу жылы толық аяқталғаннан соң ғана елге орала алады.
здравствуйте а до какого числа можно подать документы? военный билет, диплом нужен?
Уважаемый Султангалиев Ашим!
На Ваш вопрос сообщаем, что для получения перечня необходимых документов для поступления в Кокшетауский технический институт КЧС МВД Республики Казахстан Вам необходимо обратиться в отдел кадровой политики Департамента по чрезвычайным ситуациям либо в ГУ «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ» по месту жительства.
Здравствуйте, будет ли набор в этом году?
Уважаемый Канат!
На Ваш вопрос сообщаем, что в текущем году набор по очной форме обучения в Кокшетауский технический институт КЧС МВД Республики Казахстан осуществляться будет.
Ассалаумағалейкүм.Мен осы 2020 жылы мектеп битиремин. Казирги карантин уакытына байланысты пожарный частьтағылар озымыз хабарласамыз деди, одан бери 1ай отти ешкым хабарласпады. Сурайын дегеним осы жылгы тулектер медкомиссияны кай кезден бастап отемыз, калай улгеруге болады?
Құрметті Абылайхан!
Сіздің сұрағыңызға ағымдағы жылы аумақтық әскери-дәрігерлік комиссиядан өту тұрғылықты жер бойынша 2020 жылғы 22 маусым мен 10 шілде аралығында жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Сәлеметсіз бе? Сіздерге тапсыру үшін Ұбт-да шығармашылық таңдаса болама, алде таңдау пәндер бойынша ма?
Құрметті Мұқашева Аида!
Институтқа күндізгі оқу түріне ер балалар ғана қабылданады.
Қыз балалар тек сырттай оқу түріне Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан қызметкерлері болған жағдайда ғана қабылданады.
ҰБТ келесі пәндер бойынша тапсыру қажет:
Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша (20 тапсырмадан – кемінде 5 балл);
Математика» + «Физика» ( әр бейіндік пәннен 30 тапсырмадан - кемінде 5 балл жинау қажет).
Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институт сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.
Сәлеметсіз бе!Мен Қызылорда қаласындағы колледжде "Төтенше жағдайларда қорғау" мамандығын биыл бітірейін деп жатырмын.Соған жумыс істеп,кейін КТИ ға заочныйғы тапсырайын деп едім.Бізден сұрап жатыр кешенді тест тапсырасындарма деп.Соған қандай пән таңдау керек екенін айтып жіберсеңіз.Рахмет
Құрметті Аружан!
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Көкшетау техникалық институтының сырттай оқуына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері түсе алады. Егер Сіз азаматтық қорғау органына жұмысқа түссеңіз, Сіздің біліміңіз негізінде КТИ-ға түсуге болады. Сонымен қатар ҰБТ тапсырасыз. Тестілеу үшін физика және математика пәндерін таңдау қажет.