![]() 2016 жылдың 13 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒ кітапханасында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ғасырлар арманы - Тәуелсіздік» атты қалалық ақындар мүшәйрасы өтті. Аталған мүшәйраға Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының профессорлы-оқытушы құрамының ғылыми жетекшілігімен КОФ-тың 1,3 курстың 7 курсанты өз туындыларымен қатысып жүлделі орындарға, алғыс хаттарға ие болды. Атап айтсақ, 3 курс курсанты азаматтық қорғау қатардағы жауынгері С. Әбішев ІІ орын, 1 курс курсанты азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Е. Мақсат ІІІ орынды алса, 1 курс курсанты азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Б. Ахметов, 1 курс курсанты азаматтық қорғау қатардағы жауынгері А. Сағымбай, 1 курс курсанты азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Д.Сазанбаев, 1 курс курсанты азаматтық қорғау қатардағы жауынгері С.Әділет және 1 курс курсанты азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Қ.Әбілқайыр алғыс хатқа ие болды.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасы |