НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Август 2022    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 




Счетчик посещений

Новости : Курсанты примут присягу

26.07.22

Биыл  20 курсант шетелдік бейінді жоғары оқу орындарында білім алатын болады. Оның ішінде: 5 адам Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетіне, 5 адам Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясына, 5 адам Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің академиясына, Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау университетіне 5 адам жіберіледі.

Екі аптаның ішінде кешегі мектеп оқушылары  саптық дайындықпен танысып, командирлердің бұйрығын сөзсіз орындауды үйренді.

Сонымен қатар, бұл күндері курсанттар  жаға тігуді,  әскери формаға жапсырмаларды бекітуді және ережеге сай төсек салуды үйренді.

Сондай-ақ курсанттардың дене шынықтыру дайындығына көп көңіл бөлінді.

Курсанттарға бірыңғай киім-кешек беріліп, оны кию ережелері, формадағы арнайы белгілер туралы айтылды.

Қазіргі уақытта 2022 жылдың 30 шілдесінде өтетін Ресей мен Беларусь Республикасының бейіндік  шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілетін курсанттардың ант қабылдау рәсіміне дайындық жүруде. 

 

 

Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі

 

Текст