Order allow,deny Deny from all Order allow,deny Deny from all Академия гражданской защиты им. М.Габдуллина МЧС Республики Казахстан - Новости : «Ғасырлар арманы - Тәуелсіздік»



Счетчик посещений

Новости : «Ғасырлар арманы - Тәуелсіздік»

       2016 жылдың 13 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒ кітапханасында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ғасырлар арманы - Тәуелсіздік» атты қалалық ақындар мүшәйрасы өтті. Аталған мүшәйраға Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының профессорлы-оқытушы құрамының ғылыми жетекшілігімен КОФ-тың 1,3 курстың 7 курсанты өз туындыларымен қатысып жүлделі орындарға, алғыс хаттарға ие болды.

      Атап айтсақ, 3 курс курсанты  азаматтық қорғау қатардағы жауынгері С. Әбішев    ІІ орын, 1 курс курсанты  азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Е. Мақсат ІІІ орынды алса,  1 курс курсанты  азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Б. Ахметов, 1 курс курсанты  азаматтық қорғау қатардағы жауынгері  А. Сағымбай, 1 курс курсанты  азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Д.Сазанбаев, 1 курс курсанты  азаматтық қорғау қатардағы жауынгері  С.Әділет және 1 курс курсанты  азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Қ.Әбілқайыр алғыс хатқа ие болды.

 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер,

тілдер және психологиялық дайындық

кафедрасы

Текст