Счетчик посещений

Новости : Курсанттар қоғам қайраткерімен кездесті

26.11.2012

     Көкшетау өңірінің талантты тумасы, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Жабал Ерғалиұлы  жақында   Көкшетау техникалық инситутының  оқытушылары мен курсанттарымен кездесті. Кездесу барысында қарымды да дарынды қаламгер ел тарихынан бастап ел болашағына дейінгі түрлі тартымды тақырыптарға әңгіме  қозғады. Халық қалаулысы өз әңгімесінде Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында өскелең  ұрпақ алдындағы, оның  ішінде білім алып жатқан жастар алдындағы келелі міндеттерге айырықща тоқталды. Сондай-ақ алдағы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнінің мәні мен мазмұнына тоқталды.

     Елбасының тәуелсіз Қазақстанның  өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлесі, сіңірген еңбегін атай келе, жас өрендердің бойында  Отанға деген патриоттық сезімдерді осы бастан қалыптастыру қажеттігін атап өтті. «Өткенін білмейтін өрен, ертең елін қорғай алмайды.  Әрбір жас ұрпақтың өкілі өз өлкесін танып, біліуге ұмтылғаны абзал. Бабалардың ерлік дәстүрлері  ұрпаққа ұран, өренге өнеге»,- деп сөзін түйді мемлекет қайраткері.

     Тартымты да тағлымды кездесі соңында Жабал Ерғалиұлы  курсанттардың сұрақтарына жауап берді.

     Көкшетау техникалық институтында көрнекті  тұлғалармен, соғыс және еңбек ардагерлерімен осындай кездесулер алдағы уақытта да жарасымды жалғасын таба береді.

 

 

ҚР ТЖМ КТИ

Баспасөз қызметі

 

Текст