| 24.06.2026 |
![]()
Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Құсайынов Аманжол Амангелдіұлы қатысып, Академияның жеке құрамы мен курсанттарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтар мен негізгі өзгерістер таныстырылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
|