Счетчик посещений

Жаналыктар : «Қорғау» республикалық штабтық оқу-жаттығуы аясында Академияның іс-қимылдарға дайындығы тексерілді

23.07.2026

Академия базасында офицерлерді мерзімінен бұрын шығару және курсанттарды жеделдетілген тәртіппен оқыту жөніндегі іс-шаралардың практикалық көрсетілімі өткізілді.

Іс-шаралар барысында оқу орнының ерекше кезеңдегі міндеттерді орындауға дайындығы тексеріліп, қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесін ұйымдастыру, Академияны ерекше жұмыс режиміне көшіру және қойылған міндеттерді орындау кезінде құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелері пысықталды.

 

Оқу-жаттығуға қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес Академияның міндеттерін орындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, өзара іс-қимыл және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері ұсынылды.

Текст