Счетчик посещений

Жаналыктар : Академияда курсанттардың Маңғыстау облысы ТЖД бастығымен кездесуі өтті

08.10.2026

2026 жылғы 8 қазанда Академияда курсанттардың Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Бекенұлы Базарбаевпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қуанар Бекенұлы қызмет тәжірибесімен бөлісті, азаматтық қорғау органдары қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері туралы айтты.

Кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, практикалық дағдыларды және шешім қабылдаудың жеделдігін талап ететін өрт сөндіру тактикасы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өрттерді жоюдың тиімділігі қазіргі заманғы техникалық жабдықтауға, жеке құрамның іс-қимылдарының үйлесімділігіне, жағдайды дұрыс бағалауға және күштер мен құралдарды сауатты пайдалануға байланысты екендігі атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесінде жауапты жұмысты орындайтын болашақ құтқарушыларды сапалы кәсіби даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Текст