![]() Сіздерді ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ата-бабаларымыз білектің күші, найзаның ұшымен қорғап қалған ұлан байтақ Елімізде әрдайым тыныштық болып, аспанымызды бұлт торламасын. Сіздердің Еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы жолында атқарып жүрген ерен еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және мол бақыт тілеймін. Күн мен түн теңеліп, даламызға көгілдір көктемді ала келетін Наурыз мерекесі – ынтымақ пен бірліктің, қайырымдылық пен имандылықтың,ырыс пен берекенің ұлы мерекесі. Еліміздің жарқын болашағы жолында, әрқашан биіктерден көрініп, жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін. Өздеріңізге зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілеймін. Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының бастығы ө.қ.қ. полковнигі С.Шәріпханов |