НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Май 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 




Счетчик посещений

Новости : ДАҢҚ ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ-ӘБІЛМӘЖІН МӘДИН

    Міне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Ұлы Отан соғысы халқымыздың басына төнген ең ауыр жылдар болды. Жеңіске жетуге Май ауылының тұрғындары да өзінің үлесін қосты.

    Қарапайым аздап ұяндау жігіт «Қызыл еңбек» ауылындағы орта мектепте оқып жүрген-ді. Оның арманы орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, бір мамандық алу еді. Бірақ арманынын орындалуына соғыс бөгет жасады. Он сегізге толар-толмастан әскери киім киіп, қолына қару алып, басқыншы жауға қарсы соғысуға тура келді. Ол менің ардақты да қымбатты атам- Мадин Әбілмәжін еді.

    Мадин Әбілмәжін 1924 жылы Май ауданы №10 ауылда дүниеге келді. 1942 жылы 10 желтоқсанда Ұлы Отан соғысына Май аудандық әскери комиссариатынан аттанды. Аз күнде есейіп шыға келген уыздай жас жігіт 163-ші дербес атқыштар дивизиясы қатарында Орша  маңында ұрысқа енді. Бұл өте ауыр, кескілескен ұрыстардың бірі еді. 1943 жылдың майында Белоруссияның ормандары мен батпақтарында жаумен шайқаста жаралы болды. Далалық госпитальде біраз емделгеннен кейін 202-ші атқыштар полкінің 51-ші дербес саперлер батальонына жіберілді. Соғыста сапердің еңбегінің қандай екенін майдангерлер жақсы біледі. Оқ пен оттың ортасында көпірлер мен өткелдерді, инженерлік құрылыстарды, дауалдарды бұзу.

    Мадин Әбілмажін- екі «Даңқ» орденінің иегері. Үшінші дәрежелі Даңқ орденін Белоруссияның Березина өзені үшін ұрыста алды. Советәскерлеріне жауды шабуылдау жөнінде бұйрық берілді, алғы жақтан дұшпан ауыр қаруларын, танкілерін, адам күшін  бері өткізіп жатты. Батальон командирі А.Мадин  басқарған бөлімшеге таңертеңге дейін көпірді істен шығару жөнінде бұйрық берді. Түн жамылып тапсырма орындауға шыққан. Ол көпірге миналар қойып, істен шығарды. Тапсырма орындалып, командир бөлімшеге алғыс жариялап, А. Мадинді марапаттауға ұсынды.

    Екінші дәрежелі Даңқ орденің Шығыс Пруссия жерінде жаудың бронепоезын жоюда алған еді. Бронепойыз совет әскерлерінің алға қарай шабуылына бөгет жасады, бас көтертпей атқылауда болды. Әбілмәжін басқарған саперлер бөлімшесі бронепойыздың артқы жағынан тасалай келе оны істен шығарып жойып жіберді. Совет әскерлерінің алға жылжуына жол ашты. Осы ұрыста марапатқа ие болды.

    Кеудесіне екі Даңқ ордені және басқа да медальдар тағынған А. Мадин аман-есен 1947 жылы 11 наурыз күні Май ауылына оралды.

    1947 жылдан 1979 жылға дейін Май ауылында Мойке руднигінде құрылыс бөлімінде, мемлекеттік банкте, Май тұтынушылар одағында, «Май» кеншарының бөлімшесінде, Май ауылдық кеңесінде бухгалтер болды. Менің әжем Қайырпанумен  тұрмыс құрып, Талғатбек, Келдібек, Дәуренбек, Күләй, Гүлбану есімді ұл-қыздарын тәрбиеледі. Бүгінде олардың әрқайсысы жеке отау иелері. Ауылдастары арасында екеуі де сыйлы, қадірлі бола білді.

    Мезгілсіз ажал арамыздан ерте алып кетсе де, өз атамды Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлік істерін, одан кейінгі еңбек майданында өнегелі еңбегін әрқашанда естерімізде сақтаймыз, ұмытпаймыз, келешек ұрпаққа үлгі етеміз.

     

Көкшетау техникалық институты

ӘГПТ және психологиялық  дайындық

кафедрасының оқытушысы,

өртке қарсы қызмет капитаны Г. Мадина   

Текст