НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Май 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 




Счетчик посещений

Новости : Өлең сөзбен дәріптеп...

    Біздің халқымыз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіске өшпес үлес қосты. Соғысқа аттанған 1 миллион 200 мың жерлесіміздің жартысы шайқас алаңында қаза тапты. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыс жылдары бүкіл халқымыз тылдағы еңбекке жұмылды. Жауға атылған 10 оқтың тоғызы біздің елімізде жасалды.

    Ұлы Отан соғысының аяқталуынан бері 70 жыл өтсе де бүгінгі ұрпақ майданда әскери ерлік жасап, тылда қажырлы еңбек еткен аталарымызға мың да мың тағзым етіп, сол жылдардың ауыртпалығын сезініп, шын көңілдерімен алғыс айтуда.

    Міне осындай есті балалардың бірі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу факультетінің 1-курс курсанты Әбішев Саят.

    Саят Ұлы Отан соғысы ардагерінің шөбересі бола отырып, атасы көрген ауыртпашылықтарды ой елегінен өткізіп, рух өзегіне жанап келесі өлең жолдарын шығарған:

 

       Ұлы Жеңіске жетпіс жыл 

Жетпіс жылы Жеңістің құтты болсын!

Қуаныш пен шаттыққа көңіл толсын!

Егемен елде, емін-еркін өмір сүрген,

Ұрпақтарға бақыттың құсы қонсын!

 

Ойлашы сол жылдарды еске алып,

Ауыртпалық көтерді барша халық.

Туған жерді бір көруге зар болып,

Қауіп-қатер күндердің төнгені анық.

 

Отан үшін парызды ақтадыңдар,

Кейінгі ұрпақ бақытын сақтадыңдар.

Майдандағы ерліктер – өнеге, үлгі,

Ұрпаққа шежіре етіп ақтардыңдар.

 

Майдандағы ерлікті үлгі тұтып,

Ардагерлер ұрпаққа ақтарар сыр.

Майдангерлер сенімін ақтау үшін,

Ойлан, ұрпақ, алдыңда зор міндет тұр.

 

Ұлы Жеңіс құтты болсын – мереке!

Зобалаңнан түспесінші көлеңке...

Ұрпақ өссін болашақты жалғайтын,

Арта берсін бірлік пенен береке!

 

    Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығының қатар келуінің символдық мәні бар. Бұл Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздар мен Отан қорғаушыларымыздың бүгінгі буынының әскери дәстүрлерінің сабақтастығын білдіреді.

    Осындай ұрпақтың сананалығы арқасында аталарымыздың ерлігі мен әжелеріміздің еңбегі халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

 

 

Пресс- служба КТИ

Текст