НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Май 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 




Счетчик посещений

Новости : Курсант Академии – победитель городского конкурса «Жігіт сұлтаны»

4.10.23

 

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4-курс курсанты Қадір Дәурен 28 қыркүйекте  «Жігіт сұлтаны» қалалық байқауының жеңімпазы атанып,  аймақтық  кезеңге  жолдама  алды. Тарих пен салт дәстүрді дәріптеуге бағытталған  сайысқа барлығы 7 өнерлі жігіт қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқысында қатысушылар ерлігімен ұлтына мәлім батырларымыздың бейнесінде өзін-өзі таныстырды. Дәурен бүгінгі заман батыры, Академия түлегі – Асқар Забикулиннің рөлін сомдап, көрермендерді орнынан тұрғызды. Екінші кезеңде сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша сұрақтарға жауап берді.

Соңғы кезеңде қатысушылар гір тасын көтеруден жарысты.

Үш  сыннан да сүрінбей өтіп, өзгелерден дара шыққан Академия курсанты Қадір Дәурен байқау жеңімпазы атанып, «Жігіт сұлтаны – 2023» атағын иеленді.

Қазанның 5-нде енді Дәурен аймақтық жарыста Ақмола облысының намысын қорғайды. Бұл жолы қатысушылар Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан келеді. Болашақ құтқарушыға сәттілік тілейміз!

 

 Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі

 

 

Текст